Оляға оның құрбысы Надя қонаққа келді. Олар бірге шай ішіп отырды.
– Оля, сенің гүлдерді жақсы көретініңді білмеппін. Бұл қандай гүл?
– Қай жерде?
– Міне, осында, – деді Надя терезе алдындағы перденің артында тұрған гүлге нұсқап.
– Сен оны бірінші рет көріп тұрсың ба?
– Иә, – деді Оля таңданыспен гүлге қарап.
Оля бірден есікке барып, құлыпты тексерді.
– Барлығы қалыпты сияқты, – деді ол аң-таң болып.
– Оля, сен мені қорқытып тұрсың. Барлығы дұрыс па?
– Менің көзіме елестеген шығар деп ойлағанмын, бірақ соңғы уақытта үйдегі заттарымды басқа жерден тауып жүрмін. Бұлай болуы мүмкін деп ойламаппын.
Ешкімде бұл пәтердің кілті жоқ, тіпті анамда да. Не істейміз?
– Тыңдашы, менің жасырын камера орната алатын танысым бар. Кел, бүкіл пәтерге камера орнатып, шақырылмаған қонағымыздың кім екенін анықтайық, жарай ма?
– Жарайды.
Сол күні олар камераларды орнатты. Келесі күні жазбалар ештеңе көрсетпеді. Қонақ күнде келмейтін сияқты. Үшінші күні жазбаларды қарап отырып, Оля белгісіз қонағын көрді. Бұл оның жұмысындағы әріптесі – Валентина Михайловна еді.
– Бірақ не үшін? – деді Оля. – Оған менен не керек?
– Бұл маңызды емес, жазбаларды полицияға тапсырайық, – деді Надя.
Оля солай жасады. Келесі күні тергеуші қоңырау шалып, оны бөлімшеге шақырды.
Оля барған кезде таңғажайып оқиғаны естіді. Сөйтсе, Валентина Михайловнаның ұлы бар екен. Ол үйленбеген, әрі өз бетінше ештеңе істей алмайды. Анасы оның үйленетін уақыты келді деп шешіп, Оляны лайықты қыз деп тапқан. Сол үшін ол Оля туралы көбірек ақпарат жинауға бел буды. Үзіліс кезінде оның кілтін ұрлап, көшірме жасатып алған. Ол Оляның үйіне жиһаздарын, заттарын көру үшін келіп жүрген. Тіпті ноутбукты қарап, қандай фильмдер көреді, немен әуестенеді – бәрін зерттеп шыққан.
Әңгіме соңында тергеуші Валентина Михайловнаға, ең ықтималы, тек айыппұл салынатынын айтты, түрмеге отырғызбайтынын түсіндірді.
– Жарайды. Қалай болғанда да, оны жұмыстан шығарып жіберді. Мен енді барып, құлыпты ауыстырайын, – деді Оля, тергеушіге алғысын білдіріп.