…Сыбыр. Әлсіз, шымырлатып жіберетін, жер астынан шыққандай уіл.

…Сыбыр. Әлсіз, шымырлатып жіберетін, жер астынан шыққандай уіл. Бір сәтке бүкіл бөлмені қорқыныш тұмшалады. Полиция қызметкерлері дереу шамдарын қосып, тағы да төсек астына үңілді.

Сол сәтте… олар бір қолды көрді.

Аласа, сұр, терісі қатпарланған, тырнақтары ұзын және қара. Саусақтары еденді баяу тырмалап жатыр. Кейін екінші қол шықты. Сосын — бет. Қараңғыда әрең көрінді — қуыстай тартылған көз ұясы, шаштары жұлынған, жүзіне күлкі мен азап араласқан сұмдық кейіп ұялаған.

— Қолыңды жоғары көтеріп, шық! — деп айқайлады полицейдің бірі, тапаншасын шығарып.

Бірақ әлгі беймәлім адам қозғалмады. Тек тістері ақсиған күйде ыржиып қарап жатты.

— Тағы қайталамаймын! Шық!!!

Осы кезде екінші полиция қызметкері еңкейіп, әлгіні қолынан тартып шығарды. Ол еш қарсылық көрсетпеді. Шашы былғанған, киімі ескі, иісі өткір зең мен шіріктің иісіндей. Бетіне жарық түскенде, оның адамның түрі екені байқалды. Әлсіз, арық, көздері ойық. Ол тек Айсұлуға қарап:

— Ол естиді… Басқалар — жоқ… Тек ол

Сол сәтте ата-анасы айғайлап жіберді. Ал полицейлер оны тез арада көлікке отырғызып, бөлімшеге алып кетті.


Тексеру барысында оның аты-жөні анықталды: Нұрлан С., 47 жаста. Төрт жыл бұрын психиатриялық ауруханадан қашып кеткен. Сол уақыттан бері із-түзсіз жоғалған. Ол бұрыннан түрлі дауыстар естимінжер астында біреу бар деп айтқан екен. Бірақ дәрігерлер шизофрения диагнозын қойып, мәжбүрлі емдеуге жіберген.

Тергеу барысында Нұрлан қайталай берді:

— Олар менімен сөйлеседі… Бірақ мен естімеймін енді… Есту үшін балалар керек… Айсұлу — естиді…

Оның қайдан және қалай бұл үйге кіргені — тергеушілер үшін жұмбақ болды. Бірақ кейін, үйдің жанындағы ескі жертөле арқылы, жертөле мен балалар бөлмесінің едені арасындағы кішкене кеңістіктен Нұрланның төсек астына кіргені анықталды.

Ол екі күн бойы сонда жатқан… Айсұлу ғана оны естіген…


Оқиғадан кейін Айсұлу психологтың көмегіне жүгінді. Бірнеше апта бойы өзі ұйықтай алмай, қорқынышпен өмір сүрді. Ата-анасы барлық қауіпсіздік жүйелерін орнатты — камералар, құлыптар, дабыл құрылғылары. Бірақ Айсұлу үнсіз болды. Көздері сол баяғы бос кеңістікке қарай беретін.

Бір түні ол кенеттен шошып оянып:

— Бұл жолы — қыз бала… мені атымен шақырып жатыр! — деді.

Ата-анасы дереу жүгіріп келді. Камералар — тыныш. Ештеңе байқалмайды. Бірақ таңертең төсегінің астынан мынадай жазба табылды:

«Сені естимін. Мені мұнда қалдырма.»

Қарапайым қағаз. Су тигендей дымқыл, иісі көне, көгерген кітап секілді. Жазуы — балалардікіне ұқсас, бірақ сәл дірілдеген.

Бұл жазбадан кейін оқиға терең зерттеле бастады. Полиция ел бойынша соңғы 10 жылда тіркелген барлық “балалар естіген дыбыстар” туралы қоңырауларды тексерді. Ондай қоңыраулар жиырма шақтыдан астам болған. Көпшілігі еленбеген. Кейбірінде балалар тіпті із-түссіз жоғалып кеткен…


Қазір Айсұлу 9 жаста. Психологтар оның бәрін ұмытып, қалыпқа келгенін айтады. Бірақ қыз өзі бәрін біледі. Ол ештеңені ұмытқан жоқ. Кейде түнде, бәрі ұйықтап жатқанда, Айсұлу еденге отырады. Қараңғылыққа қарап… күтіп отырады.

Сол кезде үн қайта естіледі:

— Айсұлу… дайынсың ба? Басқаларды құтқаруға көмектесесің бе?

Қыз көзіне жас алып, басын изейді. Себебі ол біледі: әр төсектің астында жарық жетпейтін бос кеңістік бар. Ал сол кеңістікте — бірнәрсе күтеді.

Мәңгі күтеді.

Естуге қабілетті балалар — солар мен біздің әлем арасындағы жап жалғыз көпір

Related Posts